23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді1 қарашада магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz.
Тестілеудің өзі 28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.
Тіркелу кезінде түсуші тестілеуді тапсыру қаласын өз еркімен таңдайды.
Үміткерлер өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (18 қарашаға дейін) білім беру бағдарламаларының тобы, тілі және тестілеуді тапсыру орны бойынша өтінішке өзгерістер енгізе алады.
Тестілеу күні туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетінде 22 қарашада жарияланады.
«Кешенді тестілеу электронды форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Барлығына 3 сағат 55 минут беріледі. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі бар оқуға түсушілер шет тілі бойынша тест тапсырудан босатылады», – деп түсіндірді ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады