Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліМагистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу аяқталды, деп хабарлайды El.kz Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.
Орталық мәліметіне сәйкес, республика бойынша 43 мыңнан астам адам компьютерлік тест тапсырған. Олардың 42 пайызы шекті балл жинаған. Магистратураға түсуге ниетті азаматтардың жалпы орташа көрсеткіші – 71 балл. Ең жоғары 140 ұпайды тек бір қатысушы ғана жинапты.«Тест тапсыру барысында ереже бұзғаны үшін 328 адамның нәтижелері жойылды. Атап айтқанда, тыйым салынған заттарды кіргізген 176 талапкер емтиханнан шеттетілді. Тестілеу кезінде ереже бұзып, 148 азамат аудиториядан шығарылды. Бейнекамералардағы жазбаларды қайта қарау қорытындысы бойынша 4 адамның нәтижесі жойылды. Сонымен қатар емтиханға кіргізу кезінде адамның түр-әлпетін танитын FACE-ID жүйесі арқылы 4 бөгде тұлға анықталды», деп жазды Ұлттық тестілеу орталығы өзінің Тelegram арнасында.
Биыл өз нәтижесімен келіспеген 20 мыңнан астам адам апелляцияға өтініш берген. Осыған сай 121 тест тапсырушының қорытындысы оң шешімін тапты.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс