23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБүгін Қазақстанда магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге және докторантураға түсу емтихандарына өтініш қабылдау басталды. Тіркеу 2026 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады. Талапкерлер өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты арқылы бере алады.
Магистратураға қалай түсуге болады?
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, магистратураға арналған кешенді тестілеу қараша-желтоқсан айларында өтеді.
Тіркелу кезінде талапкерлер тест тапсыратын қаланы, емтихан тілін және білім беру бағдарламаларының тобын таңдай алады. Бұл мәліметтерді 10 қарашаға дейін өзгертуге мүмкіндік бар. Ал тестілеудің нақты күні 13 қарашада талапкердің жеке кабинетінде жарияланады.
«Өтініш қабылдау аяқталғаннан кейін таңдалған білім беру бағдарламаларының тобы мен тестілеу қаласын өзгертуге болмайды», – деп ескертті министрлік. Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсетіндер үш бағыт бойынша тест тапсырады:
Тестілеуге 3 сағат 55 минут беріледі. Шекті балл – 75. Оның ішінде шет тілінен кемінде 25 балл, ал қалған бөлімдердің әрқайсысынан кемінде 7 балл жинау қажет.
Ал бейіндік магистратураға түсетін талапкерлер тек бейіндік пәндер бойынша тест тапсырады. Ең төменгі көрсеткіш – 30 балл. Әр пәннен кемінде 7 балл жинау міндетті.
Шығармашылық дайындықты талап ететін бейіндік магистратура бағдарламаларына құжаттар 28 қазан мен 10 қараша аралығында тікелей жоғары оқу орындарында қабылданады.
Докторантураға түсу үшін қандай талаптар қойылады?
Докторантураға түсуді жоспарлаған талапкерлер алдымен жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына құжат тапсырып, кейін емтиханға онлайн тіркелуі керек.
Қажетті құжаттардың қатарында ҚАЗТЕСТ сертификаты мен шет тілін меңгергенін растайтын сертификат болуы тиіс.
TOEFL ITP сертификаты бар талапкерлер негізгі түсу емтиханына дейін ағылшын тілінен қосымша тест тапсырады.
Өтінішті 10 қарашаға дейін өзгертуге немесе жоюға болады. Осы уақыт аралығында емтихан тапсыратын қала мен білім беру бағдарламаларының тобын да ауыстыруға рұқсат етіледі.
Емтихан кестесі мынадай:
PhD докторантурасына түсетіндер әңгімелесуден өтіп, эссе жазып, бейіндік бағыттағы сұрақтарға жауап береді. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін кемінде 75 балл жинау қажет.
Ал бейіні бойынша доктор даярлау бағдарламаларына, оның ішінде индустриялық PhD бағытына түсетіндер әңгімелесу мен бейіндік сұрақтар бойынша сыналады. Бұл бағыттағы шекті балл – 50.
Биыл магистратураға қанша адам түсуге ниет білдірді?
2026 жылғы жазғы қабылдау кезінде магистратураға арналған кешенді тестілеуге 61 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға көп.
Биыл магистратурада білім алу үшін шамамен 11 мың мемлекеттік грант бөлінді.
Талапкерлер арасында педагогикалық ғылымдар, инженерия, өңдеу және құрылыс салалары, сондай-ақ бизнес, басқару және құқық бағыттары жоғары сұранысқа ие болды.
Еске салайық, жазғы кешенді тестілеу 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өткен еді.
Магистратура мен докторантураға түсуді жоспарлаған азаматтар өтініштерін 10 қарашадан кешіктірмей тапсыруы қажет. Толық ақпарат пен тіркелу тәртібі Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында қолжетімді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады