6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер3 шілдеде сағат 18.23-те «МАЭК» ЖШС жылу электр станциясында жүктемесі 130 МВт болатын №1 энергия блогы апатты жағдайда ажыратылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл мәліметті Энергетика министрлігі растады. Ведомство дерегінше, Батыс энергия торабында генерацияның күрт істен шығуына байланысты электр желісінің жиілігі 48,6 Гц-ке дейін төмендеді.
Бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысының тоқтауына байланысты министрлік түсініктеме берген болатын.
Осыған байланысты Маңғыстау және Атырау энергия тораптары оқшауланған жұмысқа бөліп шығарылды. Сол себепті Атырау ЖЭО, Karabatan Utility Solutions бу-газ қондырғысы, Қаламқас және ТШО газ станциялары оқшауланған жұмысқа бөліп шығарылды, - делінген мәліметте.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарға және елді мекендердің бір бөлігіне шектеулер енгізілді.
Сағат 19.22-де Атырау энергия торабы Батыс энергия торабымен синхрондалды. Сағат 20.36-да Маңғыстау энергия торабы энергиялық жүйемен синхрондалды, шектеулер алынып жатыр, - делінген министрлік ақпаратында.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі