Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Санкт-Петербургте өткен XII Халықаралық біріккен мәдениеттер форумына қатысты.
Форумға шетелдік 43 ресми делегация жиналды. Соның 18-іне мәдениет министрлері жетекшілік етті.
Форум аясында Арман Қырықбаев Ресей Федерациясының Мәдениет министрі Ольга Любимовамен кездесті.
Кездесу басында Ольга Любимова Маңғыстау облысында қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.
Тараптар Қазақстан мен Ресейдің мәдениет саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Кіші комиссияның жұмысы мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне тоқталды. Кіші комиссияның бесінші отырысын 2027 жылдың бірінші жартысында Астанада өткізу жоспарланып отыр.
Алдағы бірлескен мәдени жобалар да талқыланды. 8 қазанда Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Наследие эпохи. Искусство ХХ века из собрания Государственной Третьяковской галереи» көрмесі ашылады. Көрмеге 30 туынды қойылады. Сондай-ақ тараптар Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Эрмитаж күндері» жобасын өткізу жайын қарастырды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Арман Қырықбаев Ольга Любимоваға II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті. Ольга Любимова Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ екі елдің мәдени байланыстарын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары