13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызМаңғыстаулық жол сақшысы қиындыққа тап болған шет елдік азаматқа көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Мұнайлы ауданы ПБ ППР аға қызмет инспекторы Ж. Таджибаев әдеттегідей өзіне белгіленген аумағында қызмет ету барысында түнгі мезгілде жол бойында отырған белгісіз ер адамды байқайды.
Мән-жайды анықтау үшін полиция капитаны бірден азаматтың жанына барып, қандай көмек қажет екенін сұрады. Белгілі болғандай, ер адам Беларусь елінен Ақтау қаласына қарай теңізге түсу үшін жаяу жол тартқан. Осылайша орта жолда қаражат мәселесі туындап, қиындыққа ұшыраған.
Полицейлер туристке жедел көмек көрсетіп, оны қонақ үйге орналастырған. Кейін тамақтандырып, теңіз жағалауына жеткізіп тастады.
Беларустік саяхатшы полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды