Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіМаңғыстау облысының прокурорлары мектептерде жалған диплом пайдаланудың 9 дерегін анықтады, деп хабарлады EL.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мысалы, Аққұдыс орта мектебінің еңбекке баулу мұғалімі жалған дипломмен ұсталып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 385-бабы 3-бөлігі бойынша (жалған құжат пайдалану) жауапқа тартылды, - деп атап өтті прокуратура қызметкерлері.
Қарақия аудандық сотының шешімі бойынша мұғалімге жаза түрінде 25 айлық есептік көрсеткіш (76 575 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Осыған ұқсас фактілер Ақтау қаласында 2 мектепте (қазақ тілі және қазақ әдебиеті), Жаңаөзен де 3 мектепте (орыс тілі, бастауыш сынып мұғалімі), Мұнайлы ауданының 2 мектебінде (бастауыш сынып мұғалімі), Бейнеу ауданының 1 мектебінде (бастауыш сынып мұғалімі) анықталған.
Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік