Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМаңғыстау облысының Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай «Достық дастарқаны» бауырсақ байқауы өтті.
Іс-шараға аймақтың беделді азаматтары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мектеп оқушылары және БАҚ қатысты.
Әр ұлт өкілдері жайған «Достық дастарқаны» еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, елдегі тұрақтылықты сақтап, Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендетуді және дамытуды көздейді.
Бауырсақ байқауының комиссия мүшелері І орынға «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігі, ІІ орынға белорусь этномәдени бірлестігі мен ІІІ орынға «Аллаяр жолы» қарақалпақ этномәдени бірлестігі лайық деп таныды.
Сонымен қатар іс-шара аясында Тәуелсіздік күніне арналған «Менің тәуелсіз Қазақстанға қосқан үлесім» тақырыбында өткізілген эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті:
І орын – №28 орта мектебінің оқушысы Глеб Петропавловский, ІІ орын – №5 орта мектебінің оқушысы Нилюфан Нагметуллаева, ІІІ орын – №7 орта мектебінің оқушысы Садаф Мамедова.
Жеңімпаздарға алғыс хат және сыйлықтар тапсырылып, іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек