13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз21 тамызда Ақтау қаласындағы «Бекет ата» мешітінің алаңында Маңғыстау облысының этномәдени бірлестіктері Құрбан айт мейрамын тойлады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы, облыстағы 21 этномәдени бірлестіктердің төрағалары мешіт алаңында киіз үй тігіп, келген халыққа арнайы дастархан жайды. Құрбан айт мерекесі аясында аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде және әлеуметтiк себептермен мектептен қалып қоятын балаларға көмек көрсету мақсатымен «Мектепке жол», «Жомарт жүрек АСАР» акциялары өтті.
Акция барысында «АЛА-ТОО» қырғыз этномәдени бірлестік төрағасы Курбанали Газизбеков балаларға 2 тонна қауын-қарбыз, «Достлуг» әзірбайжан этномәдени бірлестік төрағасы Шамсадин Аллахвердиоглы, «Вайнах» ингуш және шешен этномәдени бірлестігі 25 отбасыға мекенжай бойынша қой етін, «Достлуг» әзірбайжан этномәдени бірлестігі, «Ақтау ұйғырлары» этномәдени бірлестігі, «Салават» башқұрт этномәдени бірлестігі мұқтаж отбасыларын азық-түлікпен, ал «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігі 10 баланы оқу-құралдармен қамтамасыз етті.
Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер де акцияға барыгша өз үлестерін қосты. «Ана мен бала» ҚҚ басшысы Дәметкен Шакенова 40 оқушыны мектепке арналған киім-кешекпен қамтамасыз етсе, ЖШС «Айна» басшысы 50 000 тенге қаржылай көмек берді, жеке кәсіпкер Мадина Исамидинова балаларға тәттілер үлестіріп берді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды