29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары4 қазан күні «Достық үй» ғимаратында Маңғыстау облысы ҚХА МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қазақстан халқын шоғарландыратын ортақ құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған «Қазақтану» жобасын іске асыру мақсатында «Бабадан балаға, Ел аузында» тақырыбында лекториум өтті.
Шараның қонағы – облыс әкімінің орынбасары, АҚШ-тағы New York university-нің түлегі, экономика ғылымдарының докторы, ҚР Қарулы күштерінің әскери самбодан абсолютты чемпионы, самбодан және дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мақсат Сқақов.
Көрермендер жоғарғы және орта білім беретін оқу орда студенттері болған соң, Мақсат Нұрлыбекұлы негізгі сөзін жастарға арнады.
Еркін форматтағы кездесу кешіне қонақ болып келген өңіріміздің жанашыры, бірінші ата-анасы, өскен ортасы туралы әңгімелеп берді. «Болашақ» бағдарламасымен мұхит асып, АҚШ-та білімін жалғастырғандықтан, сыртта жүріп түйген ойларымен және жастарға қатысты қоғамдағы мәселелер мен жаңартулар туралы өз ойымен бөлісті.
Кездесуге қатысушы жастар да белсенділік танытып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды. Аталмыш шараның соңында Мақсат Нұрлыбекұлы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы пікірін, оны жүзеге асыру жұмыстары туралы айтып берді.Жоғарғы деңгейде өткен кездесуге риза болған студент жастар мен жетекшілері алдағы уақытта да осындай шаралар көп болса деген тілек айтып тарқасты.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек