2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының» төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Шаймардан Нұрымов Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясында болып қайтты.
Парламент депутаты Достық үйінің жұмысымен танысып, этномәдени бірлестердің кабинеттері мен аймақтағы халықтардың мұражайын аралап көрді.
Кездесуге жиналғандарды депутат Қазақстан халқына Елбасының Жолдауының негізгі тармақтары мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты саяси бағдарламасының негізгі бағыттары жайлы түсінік берді.
Өз кезегінде «Коғамдық келісім» ҚММ-нің директоры Бақытгүл Снабаева мәжіліс депутатын Достық үйінің атқарған жұмыстарымен және алға қойылған жоспарлармен таныстырып өтті.
Қорыта айтқанда, жергілікті ҚХА активі мен Мәжіліс депутатының қатысумыен өткен кездесуде маңызды мәселелер талқыланып, сындарлы диалог жүргізілді. Тұтастай алғанда қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған ой-пікірлер ортаға салынды.
Одан кейін облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мәжіліс залында «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның өңірлік штабы Парламент депутатымен кездесу өткізді. Оған штаб белсенділері мен облыс жастар активі қатысты.
Кездесу барысында жастарға қатысты бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Жастар жағы жоғары мейманды «Жаңғыру жолының» қызметімен егжей-тегжей таныстырып өтті. Ең үздік сұрақ қойған екі студентке депутаттың қол таңбасы қойылған кітап тарту етілді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова