23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді12 қазанда «Жастар» сарайында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Шараға 25 жұмыс беруші мен 10 артық қоғамдық бірлестік шақырылады.
Келушілер түрлі ұйымдардың өкілдерінен кеңес алып, өз түйіндемелерін қалдыра алады. Қалалық Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерінің айтуынша, денсаулық жағдайы мен мүгедектік санатына қарамастан әркімге лайықты жұмыс табу маңызды.
– Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамда бейімдеуге баса назар аударылады. Заңнамаға сәйкес әр жұмыс берушінің штатында мүмкіндігі шектеулі жандар болуы керек. Олар да басқа адамдар сияқты өз еңбегімен ақша тауып, кәсіби тұрғыдан даму құқығына ие, – дейді Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс бөлімінің басшысы Роза Байсалбаева.
Айта кетейік, жәрмеңкеде мүмкіндігі шектеулі жандар қолдан жасалған бұйымдар қойылатын стэнд орнатылады. Шара сағат 10.00-13.00 аралығында өтеді.
Ақпарат Астана қаласы әкімдігінің сайтынан алынды
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады