Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыҰлттық Банкі MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Бұл монеталар «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясын жалғастырады, деп хабарлайды El.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Монеталардың сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша хабарланады.
Биыл 28 қыркүйекте қазақ жазушысы, әдебиеттанушы ғалым, драматург Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толды.
Номиналы 500 теңгелік монеталар:
- күміс монетаның сапасы – proof, массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, таралымы – 2 000 дана.
Номиналы 100 теңгелік монеталар:
- мельхиор қоспасынан дайындалған монетаның сапасы – brilliant uncirculated, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, таралымы – 20 000 дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, еліміздегі банктерде шотқа есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.
Күмістен жасалған монеталар мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ-тың нөмірлі сапа сертификаты бар кәдесый орамында болады. Мельхиор қоспасынан жасалған монеталар жеке блистерлік орамда шығарылады.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді