29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Қамқорлыққа алынған мүгедектігі бар жандарды шипажайларда ертіп жүрушілердің, жеке нотариустардың тегін қызметтері және арбамен жүрушілерге арналған пандустары бар автобустардың шығындары өтелетін болады. Сенаторлар бүгін заңға осы және басқа да өзгерістерді қабылдады. Бұл жаңалықтар мүгедектігі бар жандардың өмір сүру сапасын жақсарту туралы заңда жазылған.
Енді қазіргі кездегі I және II топтарға көрсетілетіндей III топтағы мүгедектігі бар адамдарға да жеке нотариустардың қызметі тегін болады. Автобус парктері арбаға арналған пандустары бар автобустардың белгілі бір мөлшерін сатып алуға міндеттелетін болады, ал мүгедектікті анықтау бойынша сараптаманы сырттай жүргізуге болады.
Заңдағы елдің ең көбірек күткен жаңалығының бірі, егер баланың заңды өкілдерінің бірі мүгедек баланы ертіп жүретін болса, оның шипажайда болу шығындарының 70%-ы өтелетіні болып отыр. Бұл мүгедектігі бар бала шипажайға тегін жолдаманы пайдалана алмайтын жағдайлардың санын едәуір азайту үшін маңызды екені ақиқат. Себебі онымен бірге еріп жүрушілердің сапарға ақшасы болмай қалатын кездері болады.
Осы заң мүгедектігі бар адамдарды қорғау және қолдау саласында шешімін таппай келе жатқан бірқатар мәселені шешуге арналған. Сондай-ақ бұл бағыттағы әлеуметтік саясатты іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіруді көздейді. Кедергісіз орта қалыптастыруды көздейтін ережелер де назардан тыс қалмаған. Алдағы уақытта осы заң мүгедектігі бар адамдардың құқығын тиімді қамтамасыз етеді деп сенеміз. Сенаторлар бұл бағытты үнемі назарда ұстап, тиісті заңнамалық жұмысты әрі қарай жалғастыра береді, - деді Мәулен Әшімбаев.
Заңда еліміздің 11 кодексі мен 65 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек