Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліМәдениет және өнер саласындағы бірқатар жоғары оқу орындары оқытушыларының еңбекақысы көтерілді, деп хабарлайды El.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылға дейінгі Халықтың табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, ерекше мәртебесі бар мәдениет және өнер саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары профессор-оқытушылар құрамының лауазымдық еңбекақыларының белгіленген мөлшеріне арттыру коэффициентін ұлғайту (1,75-тен 3,5-ке дейін) көзделген.
Қаулы төрт шығармашылық жоғары оқу орнына қатысты: Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық өнер университеті және Қазақ ұлттық хореография академиясы.
Қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қалыптасқан қатынастарға қатысты қолданылады, сондықтан осы жылдың өткен айларының еңбекақысы бойынша қайта есептеу жүргізілетін болады.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс