Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Майлыкент жалпы орта мектебінің директоры мұғалімнен пара алған, деп хабарлайды El.kz.
Мекеме басшысы ағылшын тілі пәні мұғалімінен 200 мың теңге пара алған. Сот үкімімен мектеп директоры - «А» есімді азаматша ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2- бөлігімен кінәлі деп танылды.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, қамқорлығында кәмелетке толмаған екі баласы барын ескеріп, оған айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұрады.
– Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Сондай-ақ параның отыз еселенген соммасы мөлшерінде, яғни 6 млн теңге көлемінде айыппұл салу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары