29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Ұлы Дала Елінің киелі мұралары» республикалық тарихи-экологиялық акцияның үшінші кезеңі Ұлытауда жалғасын тапты.
Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Байжантаев акцияның Асан қайғы құтқа балаған қасиетті бабалардың басы қосылған өңірден бастау алғаны зор мақтаныш екенін атап өтті.
«Қоғамдық келісім» мекемесінің Жезқазған өңірі бойынша өкілі Амангелді Құрақбай басшылық атынан алғыс айтып, акцияда жастардың алар орны ерекше екенін тілге тиік етті: «Біз тазалықты санамыздан бастап, ойымызды, бойымызды тазалап алсақ, рухани жаңғыру сол болмақ. Сол себепті атадан балаға мирас болып қалған мәдениетті кешегі күннен қалған өркениеттің белгісіндей болатын ескерткіштерді қастерлеп, болашақ ұрпаққа жеткізуіміз керек».
Акцияға аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшелері, ауыл тұрғындары, селолық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шабаз Смайлов, аудандық мәслихаттың төрағасы Талғат Сейтжанов, ауданық «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Жағпар Бабатаев, мекеме басшылары, жастар, мектеп оқушылары арнайы келіп қатысты.
Жастар аудандық мұражайды тамашалап, сыр тұнған тарихтан үлкен әсер алып қайтты. Аққайыңдарға толы «Ембұлақ» құдығы басында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Танымдық, тағылымы мол шара 18 маусым күні Қарағанды қаласындағы Достық үйінде жалғасын тауып, экспедиция 18-19 маусым күндері Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарын, 21-23 маусымда Шет, Ақтоғай аудандарын, 25-28 маусым Ұлытау ауданы мен Жезқазған, Сәтпаев қалаларын аралайды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек