2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Сатпаевта мас күйінде жедел жәрдем көлігін айдап кетіп, жол апатына ұшыраған ер адам қолға түсті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ұлытау облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқиға 18 қыркүйекте болған. Таңғы сағат 5.30 шамасында Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне белгісіз біреу медициналық мекеменің көлік тұрағында тұрған жедел жәрдем көлігін айдап кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Белгілі болғандай, дәрігерлер кезекті пациентін ауруханаға жеткізген. Жүргізуші фельдшерлерге науқасты қабылдау бөліміне алып кіруге көмектесіп жатқанда, белгісіз біреу жүргізушінің жоқтығын пайдаланып, қызметтік көліктің кабинасына кіріп, оны оталдырып, айдап кеткен.
«Сәтбаев қаласының ПБ патрульдік полиция взводының жасағы күдіктіні ізін суытпай ұстады. Бұл әрекетке 32 жастағы ер адам барғаны анықталған. Ол айдап кеткен көлікті басқара алмай, жолда аударылып қалған. Оның үстіне қаскүнем мас күйде болғаны анықталды, оны медициналық куәландыру растады», - деп хабарлады Ұлытау облыстық ПД баспасөз қызметі.
Күдіктіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Мас күйіндегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы» бойынша әкімшілік материал рәсімделді, бұдан басқа ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс