14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Ұлы Отан соғысына арналған KAHARMAN.KZ сайты іске қосылатынын мәлімдеді. Ол мұны Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өту мәселелеріне арналған селекторлық жиында айтты.
«Біз бірегей мұрағаттық құжаттар, майдандағы қызықты оқиғалар, батырлардың өздерінің әңгімелері, марапат қағаздар, соғыстағы оқиғалар жөніндегі бейнематериалдар жинақталған сайт ашамыз», – деп мәлімдеді аталған отырыста «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек. Оның айтуынша, жаңа сайтта «Соғыс әуендері» деген айдар ашылып, онда әндер, соғыс жылдарының әуендері және радиохабарламалар орналастырылады.
Айта кетерлік жайт, Ресейде дәл осындай 36 бар екен.
Сайтта мұрағаттық құжаттардың көшірмелері, қазақстандық батырлар туралы ақпараттар, соғыс жылдарының жылнамасы, фотогалерея, бейнероликтер, ардагерлер туралы мақалалар жарияланады.
KAHARMAN.KZ сайтын іске қосу арқылы «Нұр Отан» партиясы ата-бабаларымыздың ұлы ерлігін дәріптеп, жастарды патриоттық тәрбиеге баулып, қоғамдағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен келісімді одан әрі нығайтуды көздеп отыр.
«Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында «Қазақстандықтар - Кеңес Одағының батырлары» атты энциклопедияның қайта басылып шығатыны туралы да хабарлады. Энциклопедия Кеңес Одағының батыры, Даңқ ордені иегерлері мен Халық Қаһармандары туралы мейлінше толық мәліметтерді қамтитын болады.
«Қазіргі уақытта әскерилер, тарихшы кеңесшілер, депутат корпусы мен мемлекеттік органдар өкілдерінен басылымның редакторлық кеңесін жасақтау жөнінде ұсыныстар қалыптасты», - деді партияның хатшысы Фархат Қуанғанов селекторлық кеңесте.
Дәурен Омаров
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды