23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖ.Молдағалиев атындағы облыстық кітапханада Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай «Ол күндер ұмытылмайды» атты соғыс ардагерлерімен кездесу кеші өтті.
Кештің мақсаты бейбіт күн үшін жанын соғыста пида еткен майдангерлерді Ұлы мерекесі қарсаңында еске алып, олардың ерліктеріне тағзым ету. Кітапхана оқырмандарын соғыс ардагерлерімен кездестіріп, олардың ұлағатты тағлымдарын ұрпақтар жадында жаттатқызу, жас ұрпақтың санасына соғыстың қасірет екенін ұғындыру, Отанды сүюге тәрбиелеу.
Мерекелік басқосуда Ұлы Отан соғысының ардагерлері Лидия Губанова мен Хамза Сафин, тыл ардагері Роза Кужекова, облыстық ерікті мүгедектер қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебай Нығметовтер және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Кеш қонақтары сұрапыл соғыс жылдардан естелік әңгімелер айтып, оқырмандармен ой бөлісті. Олар қазіргі соғыс көрмей өсіп келе жатқан бүгінгі ұрпақтың, жастардың бақытты екендіктерін айтып, осы күнді бағалай білуге, тәуелсіздіктің қадірін тереңнен ұғынуға үндеді.
– Біздің басымыздан өткен күндерді, жастық шағымызды қайтадан еске түсіру қиынның қиыны. Жүректе қалған жараның табы қаншама жыл өтсе де жазылар емес. Сұм соғыс миллондаған бейбіт халыққа қайғы мен қасірет қана сыйлады. Біздер қан майданнан аман келдік. Алайда, туған еліне орала алмай, жеңіс күнін көре алмай кеткен боздақтарымыз үшін жанымыз ауырады. Біздер олардың алдына мәңгіге қарыздармыз, – деген Лидия Игнатьевна көзіне жас алып тұрып, майданда өткен азапты күндері туралы біраз толғанды.
Басқосуда кеш қонақтары мерекелік дастархан басында тағы да біраз майдан күндерінен естелік айтып, кітапхана оқырмандары Мәншүк Мәметованың елі мен туған-туыстарына жазған хаттарынан үзінді, Ғафу Қайырбековтың «Жеңіс солдаты» өлеңдері оқып, майдан әндерін шырқады.
Ләззат ШАҒАТАЙ
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады