18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Париждегі Лувр мұражайының кітапханасында төтенше жағдай орын алып, ғимаратқа кірген лас су салдарынан жүздеген құжат жарамсыз күйге түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мұражай әкімшілігі басшысының орынбасары Фрэнсис Стейнбоктың айтуынша, кәріз жүйесіндегі ақау Мысыр өркениетіне қатысты материалдар сақталған бөлімнің бір бөлігін су басуына әкелген.
Алдын ала деректерге сәйкес, 400-ге жуық басылым зақымданған. Қазір оларды есепке алып, судан алған соң әр бетіне жеке-жеке кептіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жауапты мамандардың сөзінше, бүлінген материалдардың барлығы тек мамандар. Египеттанушылар, музей қызметкерлері мен студенттер ғана қолданатын арнайы әдебиеттер: мерзімді басылымдар, анықтамалықтар мен археологиялық журналдар. Ең ескі нұсқалары XIX ғасырдың соңына, қалғандары XX ғасырдың басына жатады.
Сонымен қатар ол ғимараттағы желдету және жылыту жүйесінде бұрыннан бері шешілмеген мәселелер бар екенін мойындады. Су кірген аймақ музейдің жақын арада жөндеуден өтетін бөлігіне жататыны да айтылды.
Еске сала кетсек, Лувр 2026 жылдың соңына дейін 100 жаңа бейнебақылау камерасын орнатуды жоспарлап отыр. Бұл қадам соңғы ұрлық оқиғасынан кейін қабылданған қауіпсіздік шараларының бір бөлігі ретінде қарастырылуда.
Бұған дейін, Лувр мұражайының тоналғаны жайында хабарлаған едік
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр