28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарПариждегі әйгілі Лувр музейінен белгісіз біреулер Наполеон мен императрицаның асыл тастары бар коллекциясынан тоғыз бұйымды ұрлап кеткен, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Le Parisien басылымының мәліметінше, бетперде киген бірнеше қылмыскер түнде музейге кіріп, әшекей бұйымдар мен тәжді алып кеткен. Лувр басшылығы «ерекше жағдайға байланысты» бүгін музейдің келушілер үшін жабық болатынын хабарлады.
Алдын ала деректерге қарағанда, ұрылар ғимараттағы құрылыс баспалдақтары мен жүк лифтін пайдаланып, тікелей "Аполлон галереясына" көтерілген. Екі адам терезені сындырып ішке кірген, үшіншісі сыртта қалған.
Музейдегі дереккөзіне сүйенсек, салмағы 140 караттан асатын әйгілі "Регент" бриллиантына ешқандай зиян келмеген. Залал көлемі нақтыланып жатыр.
Францияның мәдениет министрі Рашида Дати оқиғада зардап шеккендердің жоқ екенін мәлімдеді. Ал елдің ішкі істер министрі Лоран Нуньес бүгін түстен кейін тергеу барысы туралы алғашқы ақпаратты жариялайды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?