Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыПариждегі әйгілі Лувр музейінде қауіпсіздік жүйесіне қатысты тағы бір шу туды. BMFTV мәліметінше, екі бельгиялық блогер күзеттен еш кедергісіз өтіп, музей залдарының біріне өз портреттерін іліп кеткен, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Нил мен Сенн есімді блогерлер мұражайға қарапайым турист кейпінде кірген. Олар алдын ала Lego бөлшектерінен жиналатын ерекше рамка жасап, оны қауіпсіздік тексерісінен оңай өткізіп жіберген. Жақтаудың тез жиналып-бөлшектелетін құрылымы оның назарға ілікпеуіне мүмкіндік берген.
Кейін олар Леонардо да Винчидің әйгілі «Мона Лиза» көрмеленген Мемлекеттер залына барып, XVI ғасырдағы венциялық суретшілердің туындылары тұрған жерге өз портреттерін іліп үлгерген. Бірнеше фотоға түсіп, музейден ешқандай қиындықсыз шығып кеткен.
Ең таңғаларлығы - блогерлер іліп кеткен сурет келесі күні де қабырғадан алынбай, келушілердің көз алдында тұрған.
Жақында Луврда болған ұрлықтан кейін музейдегі қауіпсіздік стандарттары Францияда қызу талқыланып жатқан еді. Бұл оқиға сол дауға тағы қосымша себеп болды. Қазір жағдайға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар