Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЛувр музейін тонауға қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталды. Бұл туралы Franceinfo басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
БАҚ мәліметінше, күдіктілердің бірі әуежайда – Алжирге ұшпақ болған кезде қолға түскен. Екінші күдікті Париж маңындағы қала шетінен табылды.
Бұл тонауға барлығы төрт адам қатысқан деп есептеледі: екеуі – Луврдың «Аполлон галереясына» кіріп кеткен, ал тағы екеуі қылмыскерлерге көмектесіп, оларды скутерлермен оқиға орнынан алып кеткен, – деп жазады басылым.
Осылайша, әлі де екі күдікті іздестіріліп жатыр.
Le Figaro басылымының хабарлауынша, музейдің бір қауіпсіздік қызметкері тонаушылармен келісіп жұмыс істеген болуы мүмкін. Алдын ала деректерге сүйенсек, ол музейдің қауіпсіздік жүйесіндегі осал тұстар туралы құпия ақпаратты қылмыскерлерге жеткізген.
Не болған еді
19 қазанда Парижде әлемге әйгілі Лувр музейін бірнеше минуттың ішінде тонап кетті. BFMTV мәліметінше, қылмыскерлер оқиға орнына скутерлермен келген. Олар сыртқы жүк лифті арқылы терезеге көтеріліп, әйнекті сындырған. Музей ішіне кірген соң Наполеон мен императрица Жозефинаға тиесілі зергерлік бұйымдарды ұрлап, ізін жасырған.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары