2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКәсіподақ ұйымдары Лувр мұражайының қызметкерлерін 15 желтоқсаннан бастап ереуілге шығуға шақырды. Наразылық шарасының қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кәсіподақтар мұражайда маман тапшылығы күшейгенін, техникалық ақаулар көбейгенін және ғимараттың жағдайы нашарлағанын мәлімдейді. Қызметкерлердің сөзінше, жұмыс уақыты ұлғайып, талаптар қатаңдаған, ал кей тапсырмалар қисынсыз беріліп, күнделікті жұмысты атқаруды қиындатқан.
Лувр кітапханасының египетология бөліміне су кетуі жағдайды одан әрі ушықтырған. CFDT-CGT өкілдері бірнеше жыл бойы гидравликалық жүйені жөндеу туралы өтініштер ескерусіз қалғанын айтады.
Бұған дейін SUD-Culture кәсіподағы жаңа залдар мен қосымша кіреберіс салу жобаларын тоқтатуға шақырып, қаражатты бар инфрақұрылымды жөндеуге бағыттау керектігін ескерткен.
Кәсіподақтардың айтуынша, басқарма қызметкерлердің күнделікті проблемаларын шешпейінше, ереуіл жалғаса береді.
Бұған дейін, Лувр мұражайын су басақаны жөнінде хабарлаған едік.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс