Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыФранцияның есеп палатасы Париждегі әйгілі Лувр музейін қайта жөндеудің құнын қайта есептеп, жобаға жұмсалатын жалпы соманы 1,15 миллиард еуроға дейін ұлғайтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Есеп палатасының төрағасы Пьер Московиси баспасөз мәслихатында жобаның маңыздылығын атап өтті.
«Жалпы алғанда, бұл жоба музейді жаңғырту мен қайта өркендетуге мүмкіндік береді. Қалпына келтіру жұмыстарының құны шамамен 1,15 миллиард еуро болады», - деді Московиси.
Луврды қайта жаңарту ауқымды құрылыс пен реставрациялық жұмыстарды қамтиды. Сарапшылардың айтуынша, жоба тарихи ғимараттың архитектуралық келбетін сақтай отырып, заманауи қауіпсіздік және экспозиция технологияларын енгізуді көздейді.
Айта кетсек, 19 қазанда белгісіз адамдар жұмысшылардың киімін киіп, автокөтергіш арқылы Лувр аумағына кіріп, бірнеше минут ішінде Наполеон дәуіріне тиесілі 88 миллион еуро тұратын зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен болатын. Ұрланған заттардың арасында ожерелье, брошь және диадема бар.
Францияның құқық қорғау органдары бұл іске қатысты бес күдіктіні ұстаған. Париж соты олардың екеуіне ресми айып тақты.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары