6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБеларусь президенті Александр Лукашенко Time журналына берген сұхбатында алдағы президенттік сайлауға қатыспайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Анадолының жазуынша, ол ел тізгінін алатын жаңа басшы саясатын өзгертсе де, елді эволюциялық жолмен дамытуы керектігін атап өтті. Лукашенко Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін Ресей, АҚШ және Украинаны бір үстел басына жинау қажет деп санайды. Оның пікірінше, «әуе бітімі» толық атысты доғаруға алғашқы қадам болар еді. Ол Путин мен Ресей халқының бейбітшілікке дайын екенін айтып, келіссөздерді Минск, Стамбул немесе Женевада өткізуге болатынын ұсынды.
Лукашенконың айтуынша, Ресей Киевті басып алмаған, өйткені Путин бейбіт тұрғындар шоғырланған нысандарға соққы бергісі келмеген. Ол әскерді астанадан әкеткенімен, соғыс тоқтамағанын айтты.
Беларусь басшысы елінде ядролық қаруға қатысты арнайы тәртіп бекітілгенін мәлімдеді. Ресеймен бірге ел қорғанысын күшейтіп жатқанын, соғысты болдырмау үшін күнделікті дайындық жүргізетінін жеткізді.
Егер шекарамыз бұзылса, қолда бар барлық қарумен жауап береміз, - деді ол.
Жыл соңына дейін Беларусьте ядролық оқтұмсық тасуға қабілетті «Орешник» зымыран кешені орналастырылмақ.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі