2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысының тең жартысы 18-ге толмаған қазақстандықтардың жеке шоттарына аударылып отырады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында осындай тапсырма берді, деп хабарлайды El.kz
«Әр отбасы елдің ұлттық байлықтарын пайдаланудан нақты игілік көруі керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылында «Ұлттық қор – балаларға» атты түбегейлі жаңа бағдарламаны бастау керек деп есептеймін.
Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50%-ін балалардың жасы 18-ге толғанға дейін жеке шоттарына мерзімінен бұрын шешіп алу құқығынсыз аударып отыруды ұсынамын», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Президент бұл қаражатты 18-ге толған азаматтар қалай жұмсай алатынын да айтып өтті.
«Кәмелекет толғаннан кейін жинақталған сома баспана мен білім алуға жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге нағыз жолдама береді.
Қор да шын мәнінде ұлттық мәртебесіне сай бола түседі және халықтың мүддесіне жұмыс істейді. Бұл ауқымды бастаманы пысықтау үшін жаңа жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын», - деді Президент.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс