Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?«Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан Өзбекстандағы Қазақстан жылына байланысты, «Ұлы даласы бар халық-татулы. Сплоченный народ Великой степи» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақстан мен Өзбекстан - ортақ тарихы мен мәдени тамырластығы бар, әрқайсысында этникалық өкілдер өмір сүретін Орталық Азиядағы ең ірі елдер.
Бүгінгі Қазақстан аумағы Орталық Азиядағы исламның бесігі болып саналады. Ежелгі заманнан бері екі бауырлас халықтардың ұлы рухани мұрасы олардың қандас бауырластығы, біріңғай аумағы, тарихы, тілі және салт-дәстүрімен біте қайнасқан.
Мемлекет басшысының 2019 жылы Өзбекстанда Қазақстан жылын өткізу туралы шешімі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастар арқылы қол жеткізілетін сенім мен әріптестіктің жоғары деңгейінің айқын дәлелі. Осы бастамалар шеңберінде өткізілетін барлық іс-шаралар екі бауырлас халықтар арасындағы жақындасу және олардың достығын одан әрі тереңдету болып табылады.
Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап қорынан қазақ және өзбек халықтарының мәдениеті мен өнері, тарихы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары бойынша материалдар, өзбек авторларының қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалары ұсынылды.
Көрме жыл соңына дейін жұмыс істейді
Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд