Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары2500-ден астам домбырашы бір мезетте қазақтың танымал күйлерін орындады, деп хабарлайды El.kz «AMANAT» партиясына сілтеме жасап.
Ұлттық домбыра күні қарсаңында Жастар қанаты республикалық «Dombyra party» акциясын ұйымдастырды. Бүгінде еліміз бойынша 2500-ден астам домбырашы қазақ күйлерін орындады. Акцияға «Алтын домбыра» өнер орталығының 200-ден астам оқушысы елорда төрінде қосылды.
Бас қалада өткен акцияда «Алтын домбыра» өнер орталығының шәкірттері «Ерке сылқым», «Адай», «Балбырауын», «Әке толғауы» сияқты шығармаларды орындады.
Сондай-ақ өнер орталығының жетекшісі Ибрагим Ескендір жас домбырашылармен бірге «Көк тудың желбірегені» композицисын акапелла түрінде айтты. Шара барысында ұйымдастырушылар «Қасиетті домбыра» атты ауқымды байқау бастау алатынын айтты.
Байқау 10-15 жас аралығындағы жасөспірімдер мен 16-35 жас аралығындағы жастар арасында өтеді. Ол өтінімдерді қабылдау, офлайн тыңдау және финал болып үш кезеңнен тұрады. Өтінімдер 31 шілдеге дейін қабылданады. Байқау туралы толық ақпаратты партияжастар ұйымының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан таба аласыздар.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады