13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз
Ұлттық академиялық кітапхананың директоры ауысты. Ғазиза Құдайбергенқызы Нұрғалиева Ұлттық академиялық кітапхананың директоры болып тағайындалды, – деп хабарлайды El.kz.
Ғазиза Құдайбергенқызы бұған дейін Жамбыл атындағы Алматы қалалық жасөспірімдер кітапханасында еңбек етті. Аталған кітапхана Оpen space форматында жұмыс істеген алғашқы зияткерлік орталықтың бірі болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға барған сапарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастардың зияткерлік орталығы болып қайта құрылған Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының жұмысымен танысқан болатын. Кітапханада электронды ресурстармен, кітап және мерзімді басылымдармен жұмыс істеу, фильмдер көрсету, таныстырылымдар, тренингтер және конференциялар өткізу қызметі қамтылған.
Айта кетейік, Ұлттық академиялық кітапхана 2004 жылы 23 сәуірде Үкіметтің №461 қаулысымен құрылды.
2004 жылғы 10 маусымда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Мәскеу мэрі Ю.Лужковтың қатысуымен кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
2005 жылдың 10 қыркүйегінен бастап Ұлттық академиялық кітапхана оқырманға қызмет етіп келеді. Кітап қоры 380 000-ға жуық.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды