Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікАқтаудағы 3502 әскери бөлімінің әскери қызметшісі өз үйінде асылып қалды. Бұл туралы Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz.
– 30 шілде күні сағат 05:15-те әскери бөлімге келісімшарт бойынша әскери қызметші, аға сержант А.С.Мерғалиевтің өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат түскен. Мән-жайды нақтылау кезінде әйелінің түнгі сағат 03:30 шамасында күйеуін үйінің дәретханасында асылып тұрған күйінде тауып алғаны белгілі болды, - деп хабарлады.
Ведомство ақпаратына сәйкес, арнайы комендатураның қарауыл бастығы Абылай Серікұлы Мерғалиев 1990 жылы туған. Үйленген, бір қызы бар.
Ұлттық ұлан қатарында 2015 жылдан бері қызмет еткен. Қазір аталған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге тыйым салынған.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді