2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстанада LRT-ның №116 және №117 станциялар арасындағы эстакада бөлігінде рельс жолының алғашқы 500 метрін төсеу аяқталды. Бұл сынақ кезеңі қысқы ауа райының жеңіл рельсті жолдың (LRT) жоғарғы құрылымының жай-күйіне әсерін зерттеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Рельс жолы арматуралық жақтау, шпалдар, рельстер және бекіткіштерден тұрады. Эстакаданың жалпы ұзындығы 22,4 шақырым құрайды және оның бүкіл ұзындығына қос жол салынады.
Бұл пойыздардың жүруін, оларға қызмет көрсетудің және жөндеу жұмыстарын орындаудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
Жолды төсеу заманауи технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады:
- Стандартты жол ені – 1 435 мм, халықаралық стандарттармен үйлесімділікті қамтамасыз етеді.
- Рельстерді жіксіз төсеу пойыз дөңгелектерінің дыбысы мен дірілді азайтады.
- Алдын ала кернелген шпалдар жарылып кетуден қорғалған, аязға және қардың еруіне төзімді.
Келер жылдың жылы кезеңінің басталуымен эстакаданың барлық ұзындығына рельстерді төсеу басталады. Қыс мезгілінде қажетті материалдар дайындалады.
Эстакаданың рельс жолдарын төсеуді аяқтау 2025 жылға жоспарланып отыр.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова