30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚытайдың Таншань қаласында Астана қаласына арналған LRT вагондарының алғашқы екі құрамы жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
LRT-ға арнайы барлығы 19 жылжымалы құрам шығарылады. Автоматтандырудың төртінші деңгейіндегі заманауи төрт секциялы ұшқышсыз пойыздардың әрқайсысына 650 жолаушыны қабылдай алады.
Вагондар Қытайдың теміржол саласындағы ең ірі әрі көне кәсіпорындарының бірі — 1881 жылы негізі қаланған «CRRC Tangshan» зауытында өндіріледі.
Алғашқы екі құрамды Астанаға жеткізу 2025 жылдың маусым айына жоспарланған. Қалған 17 бірлік осы жылдың соңына дейін жөнелтіледі. Желі қыркүйекте сынақ режимінде пайдалануға беріледі.
Астанаға алғашқы екі құрамды жеткізу маусым айына жоспарланған. Қалған 17 құрам осы жыл соңына дейін жеткізіледі. Желіні сынақтан өткізуді бастау қыркүйек айына жоспарланып отыр. Қазір Астанадағы LRT жобасы аясында құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталды. Жол төсеу, станциялар қасбетін монтаждау, эстакаданың тіректері мен арқалықтарын сырлау, сыртқы инженерлік желілерді қосу, эстакада асты аймағын абаттандыру және депо құрылысы жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды «City Transportation Systems» ЖШС.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды