Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT вагонындағы жол жүру ақысы қанша болатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала басшысы қоғамдық көліктегі жолақасы ақылға қонымды болатынын алға тартты.
Біз эстакада бойынша құрылыс жұмыстарын толық дерлік аяқтадық. LRT-ның барлық инфрақұрылымы жазда дайын болады. Қазір рельс төсеп жатырмыз. Көктемде дабыл жүйесін орнатамыз. Алғашқы пойыздар 2025 жылдың тамыз-қыркүйек айларында жеткізіледі. Күзде барлығы 15 пойыз келеді деп жоспарлап отырмыз. Техникалық қозғалыс жыл аяғында ашылады, ал 2026 жылдың басында толықтай іске қосылады. Бастапқыда, жоба жоспарланған кезде, тәулігіне 20 мың адам отырады деген болжам болған. Қазір бұл көрсеткіштің әлдеқайда жоғары болатынын көріп отырмыз. Сондықтан жолақысы қайта есептеледі. Дәл қазір нақты бағасын айта алмаймын, бірақ бұл қоғамдық көлік, сондықтан әртүрлі тап өкілі төлей алатындай етіп қолжетімді еткіміз келеді. Тиісінше баға ақылға қонымды болады, - деді Жеңіс Қасымбек.
Әкім бүгінгі таңда барлық құрылыс жұмысы аяқталуға жақын екенін қоса кетті. LRT-ның барлық инфрақұрылымы 2025 жылғы жазда дайын болады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары