12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік7 қаңтарда Калифорния аумағын шарпыған орман өрттері салдарынан қаза тапқандар саны 27 адамға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі CNN-ге сілтеме жасап.
Осы күнге дейін өрт орындарынан 27 адамның мәйіті табылған. Құрбандардың көбі әлі анықталған жоқ. Сонымен қатар 18 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұр.
Өрттен қаза тапқандар саны 27 адамға жетті. Бұған дейін Малибудағы Palisades тұрғын үй кешенінде жоғалып кеткен 69 жастағы ер адамның қазасы расталды, – делінген медициналық сараптама департаментінің хабарламасында.
Эвакуацияланғандардың саны 170 мыңға жетіп отыр. Олардың көпшілігі үйлеріне оралып, өрттен келген шығынды бағалауды күтіп отыр. Алайда билік жағдайдың қауіптілігіне байланысты тұрғындардың үйлеріне қайта оралуына әлі кемінде бір апта уақыт керек екенін мәлімдеді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер