Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЛос-Анджелес өртке қарсы қызметінің мәліметінше, шамамен 12 мың үй өртке оранды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Los Angeles Times басылымының хабарлауынша, Пасифик-Палисейдс қалашығында шамамен 9 500 гектар жер өртке оранып, соңғы түнде өрт аумағы одан әрі ұлғайған.
Соңғы бірнеше күнде 180 000-нан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. 11 қаңтарда өрт бұрын аман қалған аудандарға жетіп, билік эвакуация аймағын кеңейтті. Бұған дейін желдің басылуы мен ылғалдылықтың жоғарылауының арқасында өртті ауыздықтауда белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілгенімен, АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметі алдағы аптада ауа райы жағдайлары өрттің таралуына қолайлы болатынын ескертті.
Қалалық билік тұрғындарға ауа сапасының нашарлауына байланысты мүмкіндігінше далаға шықпауды ұсынды. Лос-Анджелес округі денсаулық сақтау департаментінің өкілі Аниш Махаджанның айтуынша, ашық ауада жұмыс істейтіндердің барлығы респиратор тағып жүруі қажет.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары