Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыЛос-Анджелес мэрі Карен Басс төтенше жағдай жариялап, қаланың орталығында коменданттық сағат енгізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл шешім наразылық акцияларына байланысты қабылданған. Бұған дейін Лос-Анджелесте тәртіпсіздіктер мен дүкендерді тонау оқиғалары басталғаны хабарланған еді.
Мен Лос-Анджелес орталығында вандализм мен тонауды тоқтату мақсатында төтенше жағдай жариялап, коменданттық сағат енгіздім, – деп мәлімдеді Карен Басс dw.com-ға берген сұхбатында.
Оның айтуынша, бұл режим бір шаршы миль (шамамен 2,5 шаршы шақырым) аумақта қолданылады. Салыстырмалы түрде айтқанда, қаланың жалпы аумағы 500 шаршы мильден асады.
Коменданттық сағат 10 маусым күні сағат 20:00-ден бастап 11 маусым таңғы 06:00-ге дейін (Астана уақытымен 11 маусымда 08:00-18:00 аралығы) күшінде болады. Бұл шектеулер жергілікті тұрғындарға, журналистерге және жедел қызмет өкілдеріне қолданылмайды.
Лос-Анджелес полициясының бастығы Джим Макдоннеллдің айтуынша, бұл шектеуден үй-күйсіз жандар да босатылған.
Тәртіпсіздіктер 2025 жылғы 7 маусымда заңсыз мигранттарға қарсы рейдтерге байланысты басталды. Полиция наразылық білдірушілерге қарсы көз жасаурататын газ қолданды. Қалаға Ұлттық гвардия әскерлері жіберілді.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салған еді.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады