Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлордалықтар Астана халықаралық әуежайында бокстан Азия чемпионы Айбек Оралбай мен күміс жүлдегер Санжар Тәшкенбайды салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бокстан 29 қараша-11 желтоқсан аралығында Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 10 алтын, 4 күміс, 6 қола жеңіп алды. Олардың арасында елордалық Айбек Оралбай мен Санжар Тәшкенбай да бар.
Көктемде Олимпиадаға дайындық мақсатында Астанада өткен Elorda Cup халықаралық турнирінде алғаш рет +92 келіде өнер көрсеткен едім. Енді, міне, Азия чемпионатында осы салмаққа көтеріліп, топ жардым. Қателіктерімді байқадым. Алдағы уақытта тағы тынбай жаттығып, 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасында бірінші нөмір екенімді дәлелдеуге тырысамын, - деді ұлттық құраманың капитаны Айбек Оралбай.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары