22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЛондонда Palestine Action ұйымына тыйым салынуына қарсы өткен наразылық акциясында 890 адам ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ВВС-дің жазуынша, сенбі күні кешке полиция алдымен 425 адамның ұсталғанын хабарлаған, алайда түпкілікті есеп бойынша олардың саны 890-ға жетті. Айта кетейік, бір ай бұрын өткен ұқсас акцияда 474 адам қамауға алынған болатын.
Наразылық шарасын Defend Our Juries («Біздің қазылар алқасын қорғайық») тобы ұйымдастырды. Олардың дерегінше, Парламент алаңына 1500-ге жуық адам жиналған. Ұсталғандардың басым бөлігі — Ұлыбританияда терроризмге қарсы заң аясында тыйым салынған Palestine Action ұйымын қолдағандар. Полицияның хабарлауынша, көптеген тұтқындаулар наразылық бейбіт сипаттан шығып, күш қолдану орын алғаннан кейін жасалған.
Ресми мәлімет бойынша, 857 адам Palestine Action-ды қолдағаны үшін қамауға алынса, тағы 33 адам өзге құқық бұзушылықтар үшін ұсталды. Олардың ішінде 17-і полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған.
Акция күндізгі сағат 13:00-де басталған. Қатысушылардың кейбірі қолдарына «Мен геноцидке қарсымын. Мен Palestine Action-ды қолдаймын» деген ұран жазылған плакаттар ұстап шыққан. Осыдан кейін полиция оларды біртіндеп ұстауға кірісті.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев