6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЛондон орталығында ультраоңшыл белсенді Томми Робинсон ұйымдастырған маршқа 100 мыңнан астам адам жиналды. Шара «Корольдікті біріктірейік» ұранымен Уайтхолл көшесіне дейін жалғасты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл аймақта Ұлыбританияның негізгі мемлекеттік мекемелері орналасқан. Шерушілер алдында бірқатар спикерлер сөз сөйледі. Олардың қатарында америкалық подкастер әрі саяси белсенді, бұрынғы Дональд Трамптың кеңесшісі Стив Бэннон және бейнебайланыс арқылы қосылған америкалық техномагнат Илон Маск бар.
Марштың алғашқы бөлігі бейбіт өткенмен, кейінірек жағдай ушыға түсті. Лондон полициясының мәліметінше, демонстрация барысында тәртіп сақшыларына қарсы шыны бөтелкелер, фаерлер және басқа да заттар лақтырылып, «қабылдауға болмайтын зорлық-зомбылық» орын алған. Нәтижесінде тоғыз адам қамауға алынды.
Ұлыбританияның ішкі істер министрі Шабана Махмуд полиция қызметкерлеріне жасалған шабуылдарды айыптап, кінәлілердің заң алдында толық жауап беретінін атап өтті.
Қылмыстық әрекетке барған кез келген адам заңның бүкіл қаталдығымен жазаланатын болады, - деді ол.
Бұл уақытта Лондонның басқа бөлігінде шамамен 5 мың адам «Фашизмге қарсы маршқа» шықты. Оны «Stand Up To Racism» («Расизмге тойтарыс бер») ұйымы ұйымдастырды.
Осылайша, Ұлыбритания астанасында бір мезгілде екі түрлі сипаттағы шерулер өтіп, олардың бірі қақтығыспен аяқталды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі