Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПавлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Лондон олимпиадасының жүлдегері Дәулет Шабанбайға пәтер кілтін табыс етті, деп хабарлайды El.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәулет Шабанбай – Азия чемпионатының төрт дүркін (2008, 2009, 2011, 2014) қола және Азия ойындарының күміс жүлдегері. Биыл қыркүйек айында допингке қарсы тексерістер және Грузия мен Өзбекстан спортшылары нәтижелері есепке алынбағанынан кейін жерлесіміз Лондонғы 2012 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Спортшы мансабын аяқтағаннан соң палуан жаттықтырушы болмақ.
«Басты мақсат – жастарға тәжірибем мен еңбексүйгіштік қасиеттерді жеткізе білу. Еңбек бәрін де жеңбек. Қазақстан спортының туы биікте желбірей берсін», – деді Дәулет Шабанбай.
Өңір басшысы Олимпиада жүлдегерінің спортты дамытудағы еңбегін жоғары бағалап, Павлодардағы бір бөлмелі пәтер кілттерін табыстады.
«Облыс тұрғындары сіздің жетістігіңізбен мақтанады. Өскелең ұрпақ үшін үлгісіз. Жиған тәжірибеңіз бен шеберлігіңізді жас спортшыларға дарыта білуге керек. Шын жүректен, ісіңізге сәттілік тілеймін», – деді Әбілқайыр Сқақов.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары