Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАнглияның «Ливерпуль» футбол клубы ағылшын премьер лигасының 34-ші тур ойындарында «Тоттенхэмді» өз алаңында 5:1 есебімен жеңіп, маусымның аяқталмай тұрып чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Матч барысныда алғашқы есеп 12-минутта ашылды. Алайда "Тоттенхэм" тарыпынан шабуылшы Диас гол соғып, есепті теңестірді. Дегенмен "Ливерпуль" сапынан футболшылар Макаллистер мен Гакпо гол соғып, басымдықты алғашқы таймда-ақ арттырып тастады. Ойынның екінші таймында мысырлық форвард Салах қарсыластар қақпасынан саңылау тауып, нәтижені 4:1-ге жеткізді. Одан кейін араға алты минут салып Удоги автогол нәтижесін тіркеп, матч есебі 5:1 нәтижесімен тәмам болды.
«Ливерпуль» араға төрт жыл салып, «Манчестер Ситидің» премьер лигада чемпиондыққа қол жеткізіп отыр. Арне Слоттың командасы 34 ойын нәтижесін барлығы 82 ұпай жинап, екінші орында тұрған "Арсеналдан" 15 ұпай алға шықты. Ал «Тоттенхэм» 37 ұпаймен 16-орында қауіпті жағдайда тұр.
Англияның футбол тарихында «Ливерпуль» чемпиондық титулға осымен жиырмасыншы мәрте ие болды.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі