11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекАустрияның Линц қаласында дзюдодан өтіп жатқан Гран При турнирінің екінші жарыс күнінде татамиге шыққан қазақстандық балуандар жаппай жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі сында алғашқы болып татамиге шыққан спортшының бірі 73 келіде Данияр Шамшаев алғашқы белдесуінде өзбекстандық балуанға жол берді. Ал осы салмақта күрескен Қуан Барыс бірінші кездесуде фин спортшы Тұрпал Жукаевты жеңгенімен, екінші кезеңде венгриялық Даниэль Сегедиден айласын асыра алмады.
81 келіде ел чемпионы Мәди Амангелді де Даниярдың кебін киді. Ол алғашқы белдесуінде Нидерланд спортшысына қарсы қауқар танытпады. Бұл салмақта күрескен Азат Күмісбай ширек финалға дейін жетті. Алайда маңғыстаулық дзюдошы жартылай финалға шығар сында Аустрия балуаны Бернд Фашингке есе жіберсе, жұбаныш белдесуінде жапониялық Наото Изавадан мықты болмай шықты.
Ал әйелдер арасында 63 келіде Самалай Ерғалиева бірінші кездесуінде нидерландтық Джони Гейленнен жеңілді.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес