13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары сэр Сума Чакрабартимен кездесіп, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Үкіметтің іс-шараларын талқылады, деп хабарлайды El.kz
Әлихан Смайылов Үкімет орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық саясат жобасын пысықтап жатқанын, оның негізгі бағыттары экономиканы әртараптандыру және жаңғырту, мемлекеттік басқаруды реформалау және адами капиталды кешенді дамыту болатынын атап өтті.
Ұлттық табыс деңгейінің нақты өсуі мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ететін орнықты экономикалық өсім аталған жұмыстардың нәтижесі болуы тиіс.
Өз кезегінде сэр Чакрабарти Үкіметтің жаңа бағдарламасы қазіргі экономикалық және әлеуметтік сын-қатерлерге пәрменді жауап болатынына сенім білдірді.
Сондай-ақ кездесу барысында тараптар жаңа инвестициялық жобаларды қаржыландыру және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылап, өңірлік күн тәртібінің өзекті бағыттары бойынша пікір алмасты.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды