Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыӘлихан Смайылов пен Вагит Алекперов бірлескен мұнай-газ жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының энергетикалық саясат және энергия тиімділігі жөніндегі комитетінің төрағасы Вагит Алекперовпен кездесу өткізді.
Тараптар геологиялық барлау жүргізу және мұнай кен орындарын игеру, сондай-ақ бұрғылау қондырғыларын жаңғырту, логистика және салық салу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Әлихан Смайылов Қазақстан Үкіметі бірлескен жұмысты жалғастыруға және ынтымақтастықтың жаңа ықтимал бағыттарын айқындауға дайын екенін атап өтті.
Өз кезегінде Вагит Алекперов Қазақстан аумағында инвестицияларды одан әрі кеңейтуге және жаңа жобаларды әзірлеуге мүдделі екенін айтты.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді