23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Eni» компаниясының бас өндірістік директоры Гвидо Брускомен, барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньятимен кездесті, деп хабарлайды El.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлихан Смайылов Қазақстан Үкіметі компанияның еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін атап өтті.
«Біз Қашаған кен орнын толық көлемде игеруге, Қарашығанақ кен орнында мұнай мен конденсат өндіруді қолдауға және газ саласын дамытуға ерекше назар аударамыз», — деді Премьер-Министр.
Сондай-ақ ол Үкімет «QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, Қашағанда қуаты 1 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу жөніндегі консорциумның жоспарларын қолдайтынын жеткізді.
Өз кезегінде Гвидо Бруско компанияның Қазақстандағы жұмысы бойынша ұзақ мерзімді жоспары барын айтты.
«Біз қолданыстағы жобалар бойынша қажетті шешімдерді уақытылы қабылдап, жаңаларын, соның ішінде жаңартылатын энергетика саласында іске асыру мүмкіндіктерін іздейміз. Үкіметтің қолдауының арқасында жобалар бойынша туындайтын барлық мәселелер жұмыс тәртібімен шешіледі», — деді Гвидо Бруско.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік