23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 2025 жылдың 11 ақпанында орын алған шабуыл салдарынан бес жасар бала бетінен жарақаттар алып, қазіргі уақытта №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімінде ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау басқармасы антибактериалды терапия мен физиотерапия жалғасып жатқанын, ісінудің күшеймегенін және күнделікті таңу процедуралары жүргізілетінін хабарлады. Мамандардың айтуынша, бүлдіршіннің жағдайы оңалып келеді.
Айта кетейік, 14 жастағы жасөспірім лифтіде балаға пышақпен шабуыл жасааған еді. Тергеу барысында оның психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды. Құзырлы органдар тергеуді жалғастыруда. Мамандар ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне мұқият болып, бөгде адамдармен байланысы туралы алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады