30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЛифтте балаға шабуыл жасаған жасөспірім қазір тергеу изоляторында емес, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді.
Кеше өңірлік уәкілмен бірге ауруханаға барып, баламен және әкесімен сөйлестім. Баланың жағдайы тұрақты, барлық қажетті көмек көрсетілуде. Сондай-ақ Астана қаласы бойынша өңірлік уәкіл қыздың анасымен байланыста. Шабуыл жасаған жасөспірім жағдайына байланысты денсаулық сақтау жүйесінің мекемесіне орналастырылды. Белгілі болғандай, баланың анасы жауапкершілікке тартылды, – деді балалар құқықтары жөніндегі уәкіл.
Оның айтуынша, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бала арнайы бөлімшеде бақылауда, – деп толықтырды Закиева.
Сондай-ақ, ол сот шешімімен психикалық ауытқуы бар және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды мәжбүрлеп емдеуге арналған мекемеде қазіргі уақытта 745 адамның бар екенін, олардың ішінде 2025 жылы түскен кәмелетке толмаған бір жасөспірімнің бар екенін хабарлады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды