23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТұтас үрімбұтағымен әскери қызмет атқарып жүрген отбасылар елімізде аз емес. Бүгінгі мақаламызда Аягөз гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің бастығы майор Руслан Мұхаметқалиевтің әскери әулеті туралы сөз қозғамақпыз.
Серғазы Молдашұлы еңбек жолын 1974 жылы мерзімді қызметтен бастаған. 30 жылдық еңбек өтілі кезінде бірнеше құрмет атақтары мен марапаттауларға ие болған. Ең жарқын естеліктерінің бірі Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің Георгиевск гарнизонына келуі есінде қалыпты.
«Бұл қиын қыстау кезең болды. ӘАИ техникасынан менде жалғыз Урал-4320 ғана болатын. МАИ ЖПҚ-ның жергілікті қызметкерлерінде бір ескі ВАЗ-2101, оның өзі әрең қозғалатын! МАИ-мен бірге біз Қорғаныс министрін әскери бөлім аумағына шығарып салдық. Ал Жигули итеріліп қана оталатын. Конфуз болған жағдайда машинаны итеру үшін казарманың бұрышына бірнеше жауынгерді тығып қоюға тура келді. Бұл кезде Қорғаныс министрі офицерлермен бірге шығып, сарбаздардың машинаны итеріп жатқанын көреді. Сол кезде күліп жібереді, арқамнан қағып, былай дейді: «Ештеңе етпес балам! Жақсы күндер әлі алда!», – дейді отбасылық әулеттің негізін қалаушы Серғазы Молдашұлы ағамыз.
Мұхаметқалиевтер әскери әулетінің үлгі етерлік ісі көп. Саналы ғұмырын әскери қызметпен байланыстырған отбасы үшін – Отан қорғау асыл ұғым. Серғазы ағаның жан жары, қосағы Мағираш Нұрғалиқызы өзінің қызметін аға радиотелефонист лауазымынан бастаған. Қызмет ету барысында ол парашютпен 45 мәрте секіріп, «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» мерейтойлық медалін иемденген.
«Байқауды өткізу идеясы керемет деп ойлаймын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, әскери іспен айналысып жүрген қызықты тарихы бар отбасылар өте көп. Олардың айтатындары бар. Ал адамдар осындай батырларды білуі тиіс», – деп ойымен бөлісті майор Руслан Мұхаметқалиев.
Материалды әзірлеген Тұмар АСЫЛ
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады